Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 06.02.2023 № 1 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Т.Ж. Көпжасаров тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қарқаралы ауданының әкімі | Е. Құсайын |