Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген "Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" 31 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 19.06.2023 № 22/04 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Нұра ауданының аумағында инватакси қызметін алушылардың санаттары келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:
1) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
2) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 19.06.2023 № 22/04 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұра ауданының әкімі | А. Шалмаганбетов |