Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес халықтың пікірін ескере отырып және Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 21 қаңтардағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысының Шет ауданы Ақадыр кентіндегі көшелері:
Иван Бедров көшесі – Медет Аманжолов көшесіне;
Баритовая көшесі – Таңыбай батыр көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақадыр кентінің әкімі | А. Абильдин |