"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабы 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 "Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. "Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыны Қызылорда облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Г. Абдыкаликова |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 514 қаулысымен бекітілген |
Қызылорда облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі
1. Осы Қызылорда облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4- бабы 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.
2. Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына байланысты айқындалады.
3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны;
Bn – газетте орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір шаршы сантиметрінің базалық бағасы;
V – газетте орналастырылатын, шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін – 1,3;
100 000 данаға дейін – 1,15;
50 000 данаға дейін – 1;
30 000 данаға дейін – 0,9;
20 000 данаға дейін – 0,8;
10 000 данаға дейін – 0,65;
5 000 данаға дейін – 0,5;
2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны;
Bm – журналда орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір шаршы сантиметрінің базалық бағасы;
V – шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін – 1,2;
10 000 данаға дейін – 1,1;
8 000 данаға дейін – 1;
5 000 данаға дейін – 0,9;
3 000 данаға дейін – 0,8;
1 000 данаға дейін – 0,7.
4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;
Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;
V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін – 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден жоғары – 1,4.
5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны;
Btv – телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;
V – телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі.
Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиядағы көрсетілетін қызметтердің жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиядағы көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.
6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;
Br – радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;
V – радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.
Қызылорда облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау Әдістемесіне қосымша |
Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша базалық бағалар
№ | Қызметтердің атауы | Өлшем бірлігі | Облыс, қала және аудандар атауы | 2022 және алдағы жылдар (теңге) |
1. | Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Қызылорда облысы | 700 |
2. | Қызылорда облысының аумағында таратылатын баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Қызылорда облысы | 150 |
3. | Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысы аудандарының аумағында таратылатын баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | Қызылорда қаласы және Қызылорда облысының аудандары | 120 |
4. | Қызылорда облысының аумағында таратылатын баспа басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bm) | шаршы сантиметр | Қызылорда облысы | 280 |
5. | Республикалық маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарында көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi) | символ | Қызылорда облысы | 110 |
6. | Өңірлік маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарында көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi) | символ | Қызылорда облысы | 3,25 |
7. | Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарда көрсетілетін қызмет (сюжет, ток-шоу, ойын-сауық шоуды өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | Қызылорда облысы | 300 000 |
8. | Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарда көрсетілетін қызмет (жаңалықтар сюжеттерін өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | Қызылорда облысы | 666 667 |
9. | Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарда көрсетілетін қызмет (телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | Қызылорда облысы | 400 000 |
10. | Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Қызылорда облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарда көрсетілетін қызмет (ток-шоу, ойын-сауықшоу, жаңалықтар сюжеттері, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | Қызылорда облысы | 16 800 |
11. | Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысы аудандарының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарда көрсетілетін қызмет (ток-шоу, ойын-сауық шоу, жаңалықтар сюжеттері, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | Қызылорда қаласы және Қызылорда облысының аудандары | 78 400 |
12. | Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Қызылорда облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарда көрсетілетін қызмет (бейнероликтер өндіру және орналастыру) (Btv) | секунд | Қызылорда облысы | 500 |
13. | Жаңалық сипатындағы телебағдарламаны сурдоаудармамен қамтамасыз ету (Btv) | минут | Қызылорда облысы | 4 258,5 |
14. | Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын радиода көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Br) | минут | Қызылорда облысы | 17 000 |
15. | Қызылорда облысы аумағында таратылатын радиода көрсетілетін қызмет (аудиороликтерді өндіру және орналастыру) (Br) | секунд | Қызылорда облысы | 580 |