Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 4923 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5353 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі | Г. Казантаев |