Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 және 50-баптарына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 122-18/4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6067 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы | И. Кутухуджаев |