"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Аманөткел ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес ШЕШТІ:
1. Қызылорда облысы Арал ауданы Аманөткел ауылдық округі Аманөткел ауылының атауы жоқ көшесіне Мыңғышпан Көздібаев атауы берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аманөткел ауылдық округінің әкімі | К. АБДРАМАНОВ |