Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 1 қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Жосалы кентінің келесі бөліктері:
1) М. Әуезов тұйығын Қабибулла Асанов көшесіне;
2) Овражная көшесін Абдулла Сырғабаев көшесіне;
3) Е. Қойшыбаев № 4 көшесін Әбдуали Спанов көшесіне;
4) Наурыз № 2 көшесін Айтмағамбет Ойнарбаев көшесіне;
5) М. Құдабаев № 2 көшесін Сәбит Жаңабаев көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жосалы кентінің әкімі | Ш. Сыдықов |