Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жалағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 22-8 "Жалағаш аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6247 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы | Г. Курманбаева |