"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шарттық негізінде үй-жайлар беру туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 312 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5339 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі | М. Тлеумбетов |