Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 13/159 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3438 болып тіркелген) бекітілген облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің тізбесінің 6 тармағының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Тумышев |