ШЕШТІМ:
1."Сайлау учаскелерін құру туралы" Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3774 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасында:
№ 93 сайлау учаскесі келесі мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 93 сайлау учаскесі
Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Шұғыла" шағын ауданы, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Шекарасы: "Шұғыла" шағын ауданындағы №№ 21А, 21Б, 23А, 23Б, 24А, 25, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35 үйлер.".
орыс тілінде № 107 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңаөзен қаласының әкімі | А. Косуаков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жаңаөзен қалалық сайлау
комиссиясы