Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарақия аудандық мәслихатының 2021 жылғы 4 мамырдағы № 4/30 "Қарақия ауданының Боcтан ауылдық округінің жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы), бағалау аумақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4531 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Боcтан ауылдық округі бойынша жерлерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.";
орыс тіліндегі 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия аудандық мәслихатының хатшысы | Ж. Қалаубай |