ШЕШТІМ:
1. Маңғыстау ауданы әкімінің "Маңғыстау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" 2015 жылғы 29 маусымдағы № 12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2787 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
№ 178 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 178 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Тұщықұдық ауылдық округі, Тұщықұдық ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "С.Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Тұщықұдық ауылы, Қияқты, Досалы елді мекендері.";
№ 180 сайлау учаскесіне орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
№ 181 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 181 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақшымырау ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекарасы: Ақшымырау ауылы, Айтолыс, Торыат, Құтты, Шаған, Қызық қыстаулары, "Ком-Мұнай" кен орнының вахта қалашығы.";
№ 188 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 188 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 7 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Ащыбұлақ шағын ауданы, "Каспий цемент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жатақханасы.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау ауданының әкімі | Г. Ниязов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Маңғыстау аудандық сайлау
комиссиясы