Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 429 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24442 болып тіркелген) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша:
келесі мазмұндағы реттік нөмірі 4-1-жолмен толықтырылсын:
"
4-1 | Жасанды тоған | "Деревенька в бору" демалыс базасы жеке кәсіпкер "Лазарук Т. Н." | Мәриям Хәкімжанова атындағы ауылдық округі, Щербаков ауылы |
";
келесі мазмұндағы реттік нөмірі 22-1-жолмен толықтырылсын:
"
22-1 | Тобыл өзені | "Мишутка" жеке жағажайы жеке кәсіпкер "Корнеев М.В." | "Колос" бау-бақша серіктестігі тұтыну кооперативінің аумағында |
".
2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |
Келісілді
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитетінің Қостанай
облысының Санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
департаменті" республикалық
мемлекеттік мекемесі
Келісілді
"Қазақстан Республикасы
Экология, Геология және табиғи
ресурстар министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Тобыл-
Торғай бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттік
мекемесі
Келісілді
"Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау
комитетінің Қостанай облысы
бойынша экология департаменті"
республикалық мемлекеттік
мекемесі