Мәслихаттың 2021 жылғы 11 тамыздағы № 54 "Әулиекөл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 151 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 29772 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 1 шілдедегі № 44 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 01.07.2023 № 44 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Әулиекөл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 11 тамыздағы № 54 шешіміне (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 24046 болып тiркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Әулиекөл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Әулиекөл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы Д. Койшибаев

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 23 қыркүйектегі
  № 151 шешіміне
  қосымша
  Мәслихаттың
  2021 жылғы 11 тамыздағы
  № 54 шешіміне
  қосымша

Әулиекөл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      1. Осы Әулиекөл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алуды (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.

      3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық мекемесінің консультациясы қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

      5. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедек баланың қайтыс болуы, Әулиекөл ауданы шегінен тұрақты мекенжайға шығып кетуі) төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.

      7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға айына сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

О внесении изменений в решение маслихата от 11 августа 2021 года № 54 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Аулиекольском районе"

Решение маслихата Аулиекольского района Костанайской области от 23 сентября 2022 года № 151. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 сентября 2022 года № 29772. Утратило силу решением маслихата Аулиекольского района Костанайской области от 1 июля 2023 года № 44

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Аулиекольского района Костанайской области от 01.07.2023 № 44 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Аулиекольский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Аулиекольском районе" от 11 августа 2021 года № 54 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 24046) следующие изменения:

      Заголовок к указанному решению изложить в новой редакции:

      "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аулиекольском районе";

      пункт 1 к указанному решению изложить в новой редакции:

      "1. Определить порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аулиекольском районе согласно приложению к настоящему решению.";

      приложение к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь районного маслихата Д. Койшибаев

  Приложение
  к решению маслихата
  от 23 сентября 2022 года
  № 151
  Приложение
  к решению маслихата
  от 11 августа 2021 года
  № 54

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аулиекольском районе разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей - инвалидов", утвержденными Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22394) (далее - Правила возмещения затрат).

      2. Возмещение затрат на обучение детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее - возмещение затрат на обучение) производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ акимата Аулиекольского района" на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью, независимо от дохода семьи.

      4. Возмещение затрат на обучение производится с месяца обращения до окончания срока, установленного в заключении областного учреждения психолого-медико-педагогической консультации.

      5. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат (достижение ребенком с инвалидностью восемнадцати лет, окончания срока инвалидности, в период обучения ребенка с инвалидностью в государственных учреждениях, смерть ребенка с инвалидностью, выезд на постоянное проживание за пределы Аулиекольского района), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      6. Перечень документов, необходимых для возмещения затрат на обучение на дому детям с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью предоставляется согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат, при этом кандасами для идентификации личности вместо документа, удостоверяющего личность, предоставляется удостоверение кандаса.

      7. Размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью равен восьми месячным расчетным показателям на каждого ребенка с инвалидностью ежемесячно на учебный год.

      8. Основания для отказа в возмещении затрат на обучение предусмотрены строкой девятой приложения 3 к Правилам возмещения затрат.