"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихатының "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін он есеге арттыру туралы" 2019 жылғы 11 маусымдағы № 312 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8528 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы | А. Кабиев |