Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 29.11.2023 № 64 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 28 тамыздағы № 531 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9424 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Әлеуметтік көмек мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет):
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмыстық қажеттіліктерге, табыстарын есепке алмай, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген ардагерлерге және басқа да адамдарға, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балаларға, табыстарын есепке алмай, екі еселік мөлшерінде ең тө мен күнкөріс деңгейі, ай сайын;
4) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған және амбулаториялық емделуде жүрген адамдарға табыстарын есепке алмай, амбулаториялық емдеу кезеңіне, ай сайын, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) білім беру гранттарының иелері, мемлекеттік бюджет төлемдерінің өзге де түрлерін алушылар болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, алғашқы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі не жоғары білім (бұдан әрі - білім) алушы тұлғаларға, жартыжылдықта 1 рет, оның ішінде:
өтiнiш берудің алдындағы соңғы он екi айда Қостанай облысы бойынша белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейi шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың жастарына;
табыстарын есепке алмай, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын жастарға;
табыстарын есепке алмай, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар, барлық санаттағы мүгедектерге Қазақстан Республикасынының оқу орындарында білім алуына байланысты, нақты құны бойынша оқу ақысын төлеу үшін оқу жылы ішінде екі бөлікпен аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетiледi.";
7-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
13 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"13. Ай сайынғы әлеуметтік көмекті алу үшін:
осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген, бірінші рет өтініш берген адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты ұсынады;
осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғаның ата-анасы не заңды өкілі өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) адамның иммун тапшылығы вирусы ауруын растайтын құжатты ұсынады;
осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) туберкулезбен ауырғанын және амбулаториялық емделуде болғанын растайтын құжатты ұсынады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Тюлюбаев |