Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 14 қазандағы № 60 шешіміне (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 25064 болып тiркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедек балаға ай сайын сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы | С. Кажиев |