Қазақстан Республикасы Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Меңдіқара ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ж. Байбулатова |
Mәслихаттың | |
2022 жылғы 7 қарашадағы | |
№ 163 шешіміне | |
қосымша |
Мендіқара ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (Қосылған құнға салықсыз) |
Үй иеліктері жайлы емес үйлер | айына 1 тұрғыннан | 191 |
Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф | 1 м3 | 2081 |