Сарыкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 390 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 23 мамырдағы № 167 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 мамырда № 28205 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 28 қарашадағы № 102 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 28.11.2023 № 102 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Сарыкөл аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 390 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9624 болып тіркелген) мындай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Әлеуметтік көмек мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет):

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, ай сайын табыстарын есепке алмай, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген ардагерлерге және басқа да адамдарға, тұрмыстық қажеттіліктеріне, ай сайын табыстарын есепке алмай, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балаларға, ай сайын табыстарын есепке алмай, екі еселік ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      4) білім беру гранттарының иелері, мемлекеттік бюджет жартыжылдықта 1 рет төлемдерінің өзге де түрлерін алушылар болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, алғашқы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі не жоғары білім (бұдан әрі - білім) алушы тұлғаларға, оның ішінде:

      өтiнiш берудің алдындағы соңғы он екi айда Қостанай облысы бойынша белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейi шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың жастарына;

      табыстарын есепке алмай, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын жастарға;

      табыстарын есепке алмай, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар, барлық санаттағы мүгедектерге Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім алуына байланысты, нақты құны бойынша оқу ақысын төлеу үшін оқу жылы ішінде екі бөлікпен аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі.";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ мереке күніне азаматтардың жекелеген санаттарына:

      1) барлық санаттағы мүгедектерге, жедел емделуге, табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      2) барлық санаттағы мүгедектерге, олардың санаторийлерге және оңалту орталықтарына жол жүруі мен кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, 3 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      3) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      4) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 7 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      5) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, қайтыс болған күні халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың адамдарына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай, 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      7) Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген ардагерлерге және басқа да адамдарға, Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) Жеңіс күніне орай, табыстарды есептемегенде:

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 100 000 теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарға – 100 000 теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға – 100 000 теңге;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға – 100 000 теңге;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне – 100 000 теңге;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты мүгедек болған әскери қызметшілерге – 100 000 теңге;

      қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған бұрынғы КСР Одағы мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 100 000 теңге;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға – 60 000 теңге;

      Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына– 100 000 теңге;

      1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедек болған адамдарға – 60 000 теңге;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 30 000 теңге;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) – 30 000 теңге;

      Жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) – 30 000 теңге;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 30 000 теңге мөлшерінде көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкөл аудандық мәслихатының хатшысы К. Базарбаева

О внесении изменений в решение Сарыкольского районного маслихата от 7 декабря 2020 года № 390 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 23 мая 2022 года № 167. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 мая 2022 года № 28205. Утратило силу решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 28 ноября 2023 года № 102

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 28.11.2023 № 102 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Сарыкольский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Сарыкольского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" от 7 декабря 2020 года № 390 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9624) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      пункт 6 изложить в новой редакции:

      "6. Социальная помощь оказывается периодически (ежемесячно, 1 раз в полугодие):

      1) ветеранам Великой Отечественной войны, на бытовые нужды, ежемесячно без учета доходов, в размере 10 месячных расчетных показателей;

      2) ветеранам и другим лицам, указанными в статьях 5, 6, 7, 8 Закона, на бытовые нужды, ежемесячно без учета доходов, в размере 3 месячных расчетных показателей;

      3) детям, инфицированным вирусом иммунодефицита человека, ежемесячно без учета доходов, ежемесячно в размере двукратного прожиточного минимума;

      4) лицам, впервые приобретающим техническое, профессиональное, послесреднее либо высшее образование (далее - образование), для оплаты обучения по фактической стоимости, связанной с получением образования в учебных заведениях Республики Казахстан, перечисляемой двумя частями в течение учебного года в размере не более 400 месячных расчетных показателей, за исключением лиц, являющихся обладателями образовательных грантов, получателями иных видов выплат из государственного бюджета 1 раз в полугодие, из числа:

      молодежи из семей со среднедушевым доходом за последние двенадцать месяцев перед обращением ниже величины прожиточного минимума, установленного по Костанайской области;

      молодежи, относящейся к социально уязвимым слоям населения, продолжающей обучение за счет средств местного бюджета, без учета доходов;

      инвалидов всех категорий, имеющих рекомендацию в индивидуальной программе реабилитации инвалида, без учета доходов.

      5) лицам, больным активной формой туберкулеза, состоящим на диспансерном учете в специализированной противотуберкулезной медицинской организации и находящимся на амбулаторном лечении, ежемесячно без учета доходов, в размере 10 месячных расчетных показателей.";

      пункт 7 изложить в новой редакции:

      "7. Единовременная социальная помощь оказывается следующим гражданам, оказавшимся в трудной жизненной ситуации, а также отдельным категориям граждан к праздничному дню:

      1) инвалидам всех категорий, на оперативное лечение и приобретение лекарственных средств, не входящих в гарантированный объем бесплатной медицинской помощи, без учета доходов, в размере фактических затрат, но не более 50 месячных расчетных показателей;

      2) инвалидам всех категорий, для возмещения расходов, связанных с их проездом в санатории и реабилитационные центры и обратно, без учета доходов, в размере не более 3 месячных расчетных показателей;

      3) гражданину (семье), пострадавшему вследствие стихийного бедствия или пожара, без учета доходов, в размере не более 50 месячных расчетных показателей;

      4) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума за квартал, предшествующий кварталу обращения, на бытовые нужды, в размере не более 7 месячных расчетных показателей;

      5) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума за квартал, предшествующий кварталу обращения, на погребение умерших родственников, супругов, зарегистрированных на день смерти в качестве безработных в центре занятости населения, а также лицам из малообеспеченных семей на погребение несовершеннолетних детей, в размере 15 месячных расчетных показателей;

      6) ветеранам Великой Отечественной войны, ко Дню Победы, без учета доходов, в размере 300 000 (триста тысяч) тенге;

      7) ветеранам и другим лицам, указанными в статьях 5, 6, 7, 8 Закона, ко Дню Победы, без учета доходов, в размере 5 месячных расчетных показателей;

      8) ко Дню Победы, без учета доходов:

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, проходившим в период Великой Отечественной войны службу в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии – 100 000 тенге;

      лицам вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшим штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившимся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии – 100 000 тенге;

      лицам, которые в период Великой Отечественной войны находились в составе частей, штабов и учреждений, входивших в состав действующей армии и флота, в качестве сыновей (воспитанников) полков и юнг – 100 000 тенге;

      лицам, принимавшим участие в боевых действиях против фашистской Германии и ее союзников в годы второй мировой войны на территории зарубежных стран в составе партизанских отрядов, подпольных групп и других антифашистских формирований – 100 000 тенге;

      работникам специальных формирований Народного комиссариата путей сообщения, Народного комиссариата связи, плавающего состава промысловых и транспортных судов и летно-подъемного состава авиации, Народного комиссариата рыбной промышленности бывшего Союза ССР, морского и речного флота, летно-подъемного состава Главсевморпути, которые в период Великой Отечественной войны были переведены на положение военнослужащих и выполняли задачи в интересах действующей армии и флота в пределах тыловых границ действующих фронтов, оперативных зон флотов, а также членам экипажей судов транспортного флота, интернированных в начале Великой Отечественной войны в портах других государств – 100 000 тенге;

      военнослужащим, ставшим инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте – 100 000 тенге;

      лицам начальствующего и рядового состава органов государственной безопасности бывшего Союза ССР и органов внутренних дел, ставшим инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей либо заболевания, связанного с пребыванием на фронте – 100 000 тенге;

      гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Житель блокадного Ленинграда" – 60 000 тенге;

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны – 100 000 тенге;

      лицам из числа бойцов и командного состава истребительных батальонов, взводов и отрядов защиты народа, действовавших в период с 1 января 1944 года по 31 декабря 1951 года на территории Украинской ССР, Белорусской ССР, Литовской ССР, Латвийской ССР, Эстонской ССР, ставшим инвалидами вследствие ранения, контузии или увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей в этих батальонах, взводах, отрядах – 60 000 тенге;

      родителям и не вступившим в повторный брак вдовам воинов, погибших (умерших, пропавших без вести) в Великой Отечественной войне, супруге (супругу), не вступившей (не вступившему) в повторный брак – 30 000 тенге;

      супруге (супругу) умершего инвалида Великой Отечественной войны или лица, приравненного по льготам к инвалидам Великой Отечественной войны, которые не вступали в повторный брак – 30 000 тенге;

      супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак – 30 000 тенге;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 30 000 тенге.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Сарыкольского районного маслихата К. Базарбаева