Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының хатшысы | С. Сапабеков |
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 25 қаңтардағы | |
№ 89 шешіміне | |
қосымша |
Бейімбет Майлин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылдық нормасы 1 есептік бірлікке, м3 |
1 |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын |
1,20 |
2 | Қонақ үйлер | 1 орын | 0,52 |
3 | Балабақшалар, бөбекжай | 1 орын | 0,78 |
4 | Мекемелер, ұйымдар, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,96 |
5 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,0013 |
6 | Ауруханалар | 1 төсек-орын | 1,25 |
7 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,10 |
8 | Дәмханалар | 1 отыратын орын | 0,33 |
9 | Концерт залдары | 1 отыратын орын | 0,14 |
10 | Мұражайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
11 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,34 |
12 | Спорт және би залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,008 |
13 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,19 |
14 | Базарлар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,05 |
15 | Вокзал, автовокзалдар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,40 |
16 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,13 |
17 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 2,26 |
18 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,74 |
19 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,75 |
20 | Тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
21 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,16 |