Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" № 787 қаулысына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарна мөлшерлемелері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда - болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы | С. Калижанова |