Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Павлодар қаласы әкімінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27866 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | А. Байханов |