Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы "Ақсу қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" № 312/42 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6378 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы | М. Омаргалиев |