Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 06.02.2024 № 118/15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
ШЕШТІ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы "Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" №111/15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5461 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешім кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты шешті:";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Куспеков |