Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы "Екібастұз қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" № 497/64 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7191 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Куспеков |