Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2 - тармағына сәйкес, Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 9 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Жолболды ауылындағы келесі көшелері:
"Центральная" көшесін "Достық" көшесі;
"Коммунистическая" көшесін "Мұхтар Әуезов" көшесі;
"Озерная" көшесін "Атамекен" көшесі;
"Ленин" көшесін "Әйтеке би" көшесі;
"Кабельная" көшесін "Сырдария" көшесі;
"Заготзерно" көшесін "Ақ жайық" көшесі;
"Степная" көшесін "Ұлы дала" көшесі;
"Строительная" көшесін "Болашақ" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жолболды ауылдық округінің әкімі | Х. Ахтанов |