Қазақстан Республикасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 наурыздағы "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 166 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) бұйрығы негізінде Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2022 жылға Железин ауданы кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға арналған шығындардың ең төменгі мөлшері бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Железин аудандық мәслихатының хатшысы | П. Лампартер |
Железин аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 тамыздағы № 170/7 шешімге қосымша |
2022 жылға арналған Железин ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері
№ | Атауы | Пайдалы алаңның 1 м2* ең төмен мөлшері үшін 1 айға (теңге) |
1. | Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері | 15,5 |
Ескерту:
м2 - шаршы метр;
пайдалы алаң - тұрғынжайдың тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының жиынтығы.