Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округі әкімінің 31.03.2022 № 1-04/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабы 7) тармақшасына сәйкес және Аққулы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 1-28/206 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округі Қарақала ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарақала ауылдық округінің әкімі | Е. Наскенов |