Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Май аудандық мәслихатының "Май ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1/38 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6166 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Май аудандық маслихатының хатшысы | Г. Арынов |