Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Май аудандық мәслихатының "Павлодар облысы Май ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін он есеге жоғарылату туралы" 2019 жылғы 12 ақпандағы № 1/44 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6256 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Май аудандық маслихатының хатшысы | Г. Арынов |