Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары" № 71/315 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 19 мамырдағы № 25/142 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2022 жылғы 10 маусымда № 28427 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 қарашадағы № 9/103 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 21.11.2023 № 9/103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Павлодар аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары" 2020 жылғы 15 мамырдағы № 71/315 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6847 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редақцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы В. Гейнц

  Павлодар аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
19 мамырдағы № 25/142
шешіміне қосымша
  Павлодар аудандық
маслихатының 2022 жылғы
15 мамырдағы № 71/315
шешімімен бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясының Павлодар облысы бойынша (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Павлодар ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі - Қазақстан Республикасы халықтық экономика Министірлігі статистика комітеті және Павлодар облысы бойынша статистика Департаменті есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган - "Павлодар ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Павлодар ауданының ауылдық округтер мен ауыл әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      2. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      3. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мерекелік күндерінің тізбесі:

      1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

      2) 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

      3) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

      4) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      5) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні;

      6) 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi;

      Ұлы Отан соғысының мүгедектері, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы темiржол учаскелерінде, қорғаныс шептерiнің, әскери-теңiз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлер;

      2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

      Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдары;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар;

      1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;

      4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;

      5) еңбек ардагерлері:

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

      6) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар:

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);

      1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;

      7) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтар;

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтар;

      8) мүгедектер, атап айтқанда:

      18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар;

      1 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар;

      2 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар;

      3 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар;

      18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      кірістерін есепке алмай, жоғары немесе орта арнайы (кәсіби) білім және білім берудің өзге де түрлерін алуға мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіби бөлігінен көшірмесі бар мүмкіндігі шектеулі студенттер;

      9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналар (отбасылар);

      10) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, отбасының бір мүшесіне шаққандағы табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан жоғары оқу орындарында сонымен қатар колледждерде оқитын студенттер;

      11) аз қамтамасыз етілген азаматтар, атап айтқанда:

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан азаматтар;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкінезалал келтіруге байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар. Әлеуметтік көмекке отініш жасау мерзімі – өмірлік қиын жағдай туындалған кезден бастап бір ай ішінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар;

      12) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:

      қатерлі ісіктер ауруларына шалдыққан адамдар;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусынан туындалған ауыруынан зардап шегетің 16 жасқа дейінгі балалар (АИВ);

      адамның иммунитет тапшылығы вирусынан туындалған ауыруынан зардап шегетін 16 жастан асқан тұлғалар (АИВ);

      амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғалар;

      "жүйелі қызыл жегі" ауруынан зардап шегетін тұлғалар;

      13) сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар.

      7. Уәкілетті орган табыс есебінсіз көмек көрсетеді:

      1) мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:

      Халықаралық әйелдер күніне 6-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;

      Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне 6-тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;

      Отан қорғаушы күніне 6-тармақтын 2) тармақшасының жетінші, сегізінші абзацтарында, 6) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Жеңіс күніне 6-тармақтың 1), 3), 4) тармақшаларында, 2) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы абзацтарында, 5) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында, 6) тармақшасының екінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Қазақстан Республикасының Конституция күніне 6-тармақтың 8) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне 6-тармақтың 7) тармақшасында, 8) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде тұрғын үйді жөндеуге нақты шығындар бойынша 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК), 6-тармақтын 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;

      үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты және санаторлық-курорттық емделуді алғанын растайтын құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде, санаторлық-курорттық емдеуге 50 (елу) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақшасының үшінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;

      үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты және тұру үшін, баратын жеріне дейінгі және тұрғылықты жеріне кері жүру билеттеріне шығындарын растайтын түбіртектерді қоса отырып, өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге жеке көмекшінің еріп жүруіне 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде 6-тармақтын 8) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;

      үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде қатты отынды сатып алуға 6-тармақтын11) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 100 (жүз) АЕК мөлшерінде 6-тармақтын 11) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 6-тармақтын 11) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты және "Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан немесе Павлодар облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар ауданының емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнынан анықтаманы қоса бере отырып, өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 6-тармақтын 12) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты және және Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнынан анықтаманы қоса бере отырып, өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 6-тармақтын12) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты және дәрігерлік-консультациялық комиссияның ауруды растайтын қорытындысын қоса бере отырып, өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 6-тармақтын12) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санат үшін;

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      уәкілетті ұйымның тізімі негізінде (сауықтыруға) 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде 6-тармақтын 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      уәкілетті ұйымның тізімі негізінде (сауықтыруға) 10 (он) АЕК мөлшерінде 6-тармақтын 2, 4) тармақшаларында, 3) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарында, 6) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін;

      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде 6-тармақтын 8) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектерге (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) көрсетілген санаттар үшін;

      оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде 6-тармақтын 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты және Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнынан анықтаманы қоса бере отырып, өтініш негізінде тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде 66-тармақтын 12) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Павлодар облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар ауданының емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізімі негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 6-тармақтын 12) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасында құжатты және медициналық мекемеде емдеу курсын алғаны туралы растау анықтамасын қоса бере отырып, өтініш негізінде 7 (жеті) АЕК мөлшерінде гемодиализ алу мерзімінде жол жүруге 6-тармақтын 8) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін.

      8. Уәкілетті орган ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы бар адамдарға көмек көрсетеді:

      үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және оқу жылына нақты оқу бағасы мөлшерінде білім беру қызметіне аудан әкімі, жоғары немесе орташа-арнайы оқу мекемесі басшысы және өтініш беруші қол қойған үш жақты келісімді қоса бере отырып, уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкімдеріне берілген өтініш негізінде 6-тармақтын 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін.

      9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      Павлодар ауданы бойынша түпкілікті әлеуметтік көмек мөлшері, қиын өмірлік жағдайдағы тұлғаларға 100 (жүз) АЕК, ҰОС мүгедектері және қатысушыларына (ары қарай - ҰОС) және ҰОС ардагерлеріне жеңілдік бойынша теңелген тұлғаларға 500 (бес жүз) АЕК.

      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерін облыстық ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларының 12 - 25 -тармақтарына сәйкес айкыңдалды.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      12. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Павлодар ауданы шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      13. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен қайтаруға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      14. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.

О внесении изменения в решение Павлодарского районного маслихата от 15 мая 2020 года № 71/315 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Павлодарского района"

Решение Павлодарского районного маслихата Павлодарской области от 19 мая 2022 года № 25/142. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 10 июня 2022 года № 28427. Утратило силу решением Павлодарского районного маслихата Павлодарской области от 21 ноября 2023 года № 9/103

      Сноска. Утратило силу решением Павлодарского районного маслихата Павлодарской области от 21.11.2023 № 9/103 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Павлодарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Павлодарского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Павлодарского района" от 15 мая 2020 года № 71/315 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6847) следующее изменение:

      Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Павлодарского района, утвержденные указанным решением изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Павлодарского районного маслихата В. Гейнц

  Приложение
к решению Павлодарского
районного маслихата
от 19 мая 2022 года
№ 25/142
  Утверждены
решением Павлодарского
районного маслихата
от 15 мая 2020 года
№ 71/315

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Павлодарского района

      Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 - 3 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О ветеранах" (далее - Закон), постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее - Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Павлодарского района.

Глава 1. Общие положения

      1. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Павлодарской области (далее - уполномоченная организация) - юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;

      2) специальная комиссия - комиссия, создаваемая решением акима Павлодарского района по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) прожиточный минимум - необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой Департаментом статистики по Павлодарской области и комитета статистики Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      4) праздничные дни - дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) - доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      6) трудная жизненная ситуация - ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      7) уполномоченный орган - государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Павлодарского района";

      8) участковая комиссия - комиссия, создаваемая решением акимов сельских округов и села Павлодарского района, для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью и подготовки заключений;

      9) предельный размер - утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      2. В настоящих Правилах под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом (далее - МИО) в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее - получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к праздничным дням.

      3. Лицам, указанным в статье 16 Закона Республики Казахстан "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", и в подпункте 2) статьи 10, в подпункте 2) статьи 11, в подпункте 2) статьи 12, в подпункте 2) статьи 13 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.

      4. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально).

      5. Перечень праздничных дней для оказания социальной помощи:

      1) Международный женский день - 8 марта;

      2) Праздник единства народа Казахстана -1 мая;

      3) День защитника Отечества - 7 мая;

      4) День Победы - 9 мая;

      5) День Конституции Республики Казахстан - 30 августа;

      6) День Первого Президента Республики Казахстан - 1 декабря.

Глава 2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      6. Социальная помощь предоставляется гражданам из числа следующих категорий:

      1) Ветераны Великой Отечественной войны:

      участники Великой Отечественной войны, а именно военнослужащие, проходившие службу в воинских частях, штабах и учреждениях, входивших в состав действующей армии и флота в период Великой Отечественной войны, а также во время других боевых операций по защите бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее - Союза ССР), партизаны и подпольщики Великой Отечественной войны;

      инвалиды Великой Отечественной войны, а именно военнослужащие действующей армии и флота, партизаны и подпольщики Великой Отечественной войны, а также рабочие и служащие, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны на фронте, в районе военных действий, на прифронтовых участках железных дорог, сооружениях оборонительных рубежей, военно-морских баз и аэродромов;

      2) ветераны боевых действий на территории других государств:

      военнослужащие Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лица начальствующего и рядового состава Министерства внутренних дел бывшего Союза ССР (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств;

      военнообязанные, призвавшиеся на учебные сборы и направлявшиеся в Афганистан в период ведения боевых действий;

      военнослужащие автомобильных батальонов, направлявшиеся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий;

      военнослужащие летного состава, совершавшие вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР;

      рабочие и служащие, обслуживавшие советский воинский контингент в Афганистане, получившие ранения, контузии или увечья, либо награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий;

      военнослужащие Республики Казахстан, выполнявшие задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке;

      военнослужащие Республики Казахстан, принимавшие участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке;

      военнослужащие, а также лица начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшие участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе;

      3) лица, приравненные по льготам к участникам Великой Отечественной войны, а именно:

      лица вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшие штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившиеся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии;

      несовершеннолетние узники концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны;

      лица, принимавшие участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986 - 1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях;

      4) лица, приравненные по льготам к инвалидам Великой Отечественной войны, а именно:

      военнослужащие, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия;

      лица, ставшие инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей;

      5 ) ветераны труда:

      лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны;

      лица, проработавшие (прослужившие) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны;

      6 ) другие лица, на которых распространяется действие Закона:

      семьи военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия;

      семьи военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время;

      семьи лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения;

      супруга (супруг) умершего инвалида Великой Отечественной войны или лица, приравненного по льготам к инвалидам Великой Отечественной войны, а также супруга (супруг) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак;

      лица из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988 - 1989 годах, эвакуированные (самостоятельно выехавшие) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии;

      7) граждане, достигшие пенсионного возраста, получающие минимальный размер пенсии и (или) пособия или ниже минимального размера пенсии и (или) пособия;

      граждане от 80 лет и более (старше), получающие минимальный размер пенсии и (или) пособия или ниже минимального размера пенсии и (или) пособия;

      8) инвалиды, а именно:

      дети с инвалидностью до 18 лет;

      лица с инвалидностью 1 группы;

      лица с инвалидностью 2 группы;

      лица с инвалидностью 3 группы;

      семьи, воспитывающие детей с инвалидностью до 18 лет;

      студенты с инвалидностью, имеющие выписку из профессиональной части индивидуальной программы реабилитации инвалида на получение высшего или средне-специального (профессионального) образования, и иных видов образования, без учета доходов;

      9) многодетные матери (семьи) из числа получателей государственной адресной социальной помощи;

      10) студенты, обучающиеся в высших учебных заведениях, а также в колледжах из малообеспеченных семей, доход которых на одного члена семьи не превышает установленной по области величины прожиточного минимума, дети – сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей;

      11) малообеспеченные граждане, а именно:

      граждане из числа получателей государственной адресной социальной помощи;

      граждане, попавшие в трудную жизненную ситуацию в связи с причинением ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара. Срок обращения за социальной помощью - в течение одного месяца с момента наступления трудной жизненной ситуации;

      граждане, освободившиеся из мест лишения свободы;

      12) граждане, имеющие социально-значимые заболевания, а именно:

      лица, имеющие злокачественные новообразования;

      дети до 16 лет, страдающие болезнью, вызванной вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ);

      лица, старше 16 лет, страдающие болезнью, вызванной вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ);

      лица, страдающие туберкулезным заболеванием, находящиеся на амбулаторном лечении;

      лица, страдающие заболеванием "системная красная волчанка";

      13) граждане, признанные в судебном либо ином установленном Законом Республики Казахстан "О реабилитации жертв политических репрессий" порядке жертвами политических репрессий или пострадавшими от политических репрессий.

      7. Уполномоченный орган оказывает без учета дохода:

      1) единовременную социальную помощь к праздничным дням:

      к Международному женскому дню для категории, указанной в подпункте 9) пункта 6 на основании списка уполномоченного органа;

      к Празднику единства народа Казахстана для категории, указанной в подпункте 13) пункта 6 на основании списка уполномоченного органа;

      ко Дню защитника Отечества для категорий, указанных в абзацах седьмом, восьмом подпункта 2), абзаце третьем подпункта 6) пункта 6 на основании списка уполномоченной организации;

      ко Дню Победы для категорий, указанных в подпунктах 1), 3), 4), абзацах втором, третьем, четвертом, пятом, шестом, девятом подпункта 2), абзацах втором, третьем подпункта 5), абзацах втором, четвертом, пятом, шестом подпункта 6) пункта 6 на основании списка уполномоченной организации;

      ко Дню Конституции Республики Казахстан для категорий, указанных в абзацах шестом, седьмом подпункта 8) пункта 6 на основании списка уполномоченного органа;

      ко Дню Первого Президента Республики Казахстан для категорий, указанных в подпункте 7), абзацах втором, третьем, четвертом подпункта 8) пункта 6 на основании списка уполномоченной организации;

      2) единовременную социальную помощь:

      для категорий, указанных в подпункте 1) пункта 6 на ремонт жилья по фактическим затратам 500 (пятьсот) месячных расчетных показателей (далее - МРП) на основании заявления с приложением документов, указанных в подпунктах 1), 3) пункта 13 Типовых правил;

      для категорий, указанных в подпункте 2), в абзацах третьем, седьмом, восьмом, девятом подпункта 3) пункта 6 на санаторно-курортное лечение в размере 50 (пятьдесят) МРП на основании заявления с приложением документа, указанного в подпункте 1) пункта 13 Типовых правил и документа, подтверждающий о получении санаторно-курортного лечения;

      для категорий, указанных в абзацах втором, третьем подпункта 8) пункта 6 на сопровождение индивидуальным помощником на санаторно-курортное лечение в размере 55 (пятьдесят пять) МРП на основании заявления с приложением документа, указанного в подпункте 1) пункта 13 Типовых правил, квитанций, подтверждающих расходы за проживание, проездных билетов до пункта назначения и обратно к месту проживания;

      для категории, указанной в абзаце втором подпункта 11) пункта 6 на приобретение твердого топлива в размере 20 (двадцать) МРП на основании заявления с приложением документов, указанных в подпунктах 1), 3) пункта 13 Типовых правил;

      для категории, указанной в абзаце третьем подпункта 11) пункта 6 в размере 100 (сто) МРП на основании заявления с приложением документов, указанных в подпунктах 1), 3) пункта 13 Типовых правил;

      для категории, указанной в абзаце четвертом подпункта 11) пункта 6 в размере 10 (десять) МРП на основании заявления с приложением документов, указанных в подпунктах 1), 3) пункта 13 Типовых правил;

      для категории, указанной в абзаце втором подпункта 12) пункта 6 в размере 10 (десять) МРП на основании заявления с приложением документа, указанного в подпункте 1) пункта 13 Типовых правил и справки из коммунального государственного казенного предприятия "Павлодарский областной онкологический диспансер" или коммунального государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Поликлиника Павлодарского района" управления здравоохранения Павлодарской области, акимата Павлодарской области;

      для категории, указанной в абзаце четвертом подпункта 12) пункта 6 в размере 10 (десять) МРП на основании заявления с приложением документа, указанного в подпункте 1) пункта 13 Типовых правил и справки из коммунального государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Павлодарский областной центр по профилактике и борьбе со СПИДом" управления здравоохранения Павлодарской области, акимата Павлодарской области;

      для категории, указанной в абзаце шестом подпункта 12) пункта 6 в размере 10 (десять) МРП на основании заявления с приложением документа, указанного в подпункте 1) пункта 13 Типовых правил и заключения врачебно-консультативной комиссии, подтверждающей болезнь;

      3) ежеквартальную социальную помощь:

      для категории, указанной в подпункте 1) пункта 6 (на оздоровление) в размере 20 (двадцать) МРП на основании списка уполномоченной организации;

      для категорий, указанных в подпунктах 2), 4), в абзацах третьем, четвертом подпункта 3), абзаце втором подпункта 6) пункта 6 (на оздоровление) в размере 10 (десять) МРП на основании списка уполномоченной организации;

      4) ежемесячную социальную помощь:

      для категорий, указанных в абзацах третьем, четвертом, пятом подпункта 8) пункта 6 (инвалидам, не способным самостоятельно себя обслужить и нуждающимся по состоянию здоровья в постоянной помощи, не имеющим трудоспособных совершеннолетних детей (супруга), обязанных содержать своих родителей (супруга) и заботиться о них, или имеющих близких родственников, которые по объективным причинам не могут обеспечить им постоянную помощь и уход (в силу преклонного возраста, имеют инвалидность первой, второй группы, онкологические, психические заболевания, находятся в местах лишения свободы или выехали на постоянное местожительство за пределы страны или проживают в другом населенном пункте) в размере 3 (три) МРП на основании заявления с приложением документов, указанных в подпунктах 1), 3) пункта 13 Типовых правил;

      для категории, указанной в подпункте 10) пункта 6 на проживание, питание и проезд к месту жительства на период обучения, в размере 8 (восемь) МРП;

      для категории, указанной в абзаце третьем подпункта 12) пункта 6 в размере двух кратного прожиточного минимума установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год, на основании заявления с приложением документа, указанного в подпункте 1) пункта 13 Типовых правил и справки из коммунального государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Павлодарский областной центр по профилактике и борьбе со СПИДом" управления здравоохранения Павлодарской области, акимата Павлодарской области;

      для категории, указанной в абзаце пятом подпункта 12) пункта 6 в размере 15 (пятнадцать) МРП на основании списка, предоставляемого коммунальным государственным предприятием на праве хозяйственного ведения "Поликлиника Павлодарского района" управления здравоохранения акимата Павлодарской области;

      для категории, указанного в абзаце третьем подпункта 8) пункта 6 на проезд, в период получения гемодиализа в размере 7 (семь) МРП на основании заявления с приложением документа, указанного в подпункте 1) пункта 13 Типовых правил и справки - подтверждения медицинского учреждения о получения курса лечения.

      8. Уполномоченный орган оказывает помощь лицам с доходом, не превышающим величину прожиточного минимума:

      для категории, указанной в подпункте 10) пункта 6 на основании заявления в уполномоченный орган или акиму села, сельского округа с приложением документов, указанных в подпунктах 1), 2), 3) пункта 13 Типовых правил и трехстороннего договора на оказание образовательных услуг, подписанного акимом района, руководителем высшего или средне - специального учебного заведения и заявителем в размере фактической стоимости обучения за учебный год.

      9. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

      Предельный размер социальной помощи по Павлодарскому району, лицам оказавшимся в трудной жизненной ситуации составляет 100 (сто) МРП, участникам, инвалидам Великой Отечественной войны (далее - ВОВ) и лицам, приравненных по льготам к участникам ВОВ 500 (пятьсот) МРП.

      10. К праздничным дням размер социальной помощи для отдельно взятой категории получателей устанавливается в едином размере по согласованию с МИО области.

Глава 3. Порядок оказания социальной помощи

      11. Порядок оказания социальной помощи определены в соотвествии с пунктами 12 - 25 Типовых правил.

Глава 4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      12. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Павлодарского района;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      13. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

Глава 5. Заключительное положение

      14. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".