"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына cәйкес, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2022 жылғы 5 сәуірдегі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 11 сәуірдегі қорытындыларының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Келесі көшелерге атаулар берілсін:
Алматы қаласы Алатау ауданы "Нұркент" шағын ауданы бойынша:
жобалық атауы № 1-көшеге – Аднан Мендерес көшесі;
Алматы қаласы Бостандық ауданы "Ерменсай" шағын ауданы бойынша:
жобалық атауы № 2-көшеге – Жақсылық Үшкемпіров көшесі;
жобалық атауы № 4-көшеге – Қаршыға Ахмедияров көшесі;
жобалық атауы № 5-көшеге – Шолпан Жандарбекова көшесі;
Алматы қаласы Бостандық ауданы "НұрАлатау" шағын ауданы бойынша:
жобалық атауы № 12-көшеге – Ғазиза Жұбанова көшесі;
жобалық атауы № 13-көшеге – Кәкімбек Салықов көшесі;
Алматы қаласы Бостандық ауданы "Нұрлытау" шағын ауданы бойынша:
жобалық атауы № 6-көшеге – Роза Жаманова көшесі;
Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша:
жобалық атауы № 2-көшеге – Тимофей Седельников көшесі;
жобалық атауы № 7-көшеге – Мәшһүр Жүсіп көшесі;
Алматы қаласы Медеу ауданы "Алатау" шағын ауданы бойынша:
жобалық атауы № 14-көшеге – Лев Гумилев көшесі.
2. Алматы қаласы Алатау, Бостандық, Медеу аудандарының әкімдері, "Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы", "Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы", "Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері осы бірлескен қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы мен Алматы қаласы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |
Алматы қаласы мәслихатының хатшысы | С. Канкуров |