"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелді) бекітілген Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 14-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемдері.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | К. Аксакалов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің | |
2022 жылғы 2 қыркүйектегі | |
№ 194 қаулысына | |
1-қосымша |
2022 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидиялар нормалары
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы | 1 тоннаға арналған субсидиялардың нормалары, теңге |
1 | Рапс | 24 125 |
2 | Күнбағыс | 11 650 |
3 | Зығыр | 22 050 |
4 | Қыша | 21 325 |
5 | Арыш | 26 850 |
6 | Қытайбұршақ | 17 425 |
7 | Қышабас | 20 050 |
8 | Қарақұмық | 14 500 |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің | |
2022 жылғы 2 қыркүйектегі | |
№ 194 қаулысына | |
2-қосымша |
2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемдері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 28.12.2020 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Облыстың атауы | Субсидиялар көлемі, теңге |
1 | Солтүстік Қазақстан облысы | 500 000 000,00 |
Барлығы | 500 000 000,00 |