Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2018 жылғы 13 наурыздағы №4 "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссия" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4623 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы |
Т. Каскин |