Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысында 2022 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 207 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29926 тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | А.Сапаров |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы | |
№ 286 қаулысына қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі | |
№ 207 қаулысына 1-қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысында 2022 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Топтың атауы | Елді мекен | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы | |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге) | ||||
1 | Петропавл қаласы | Толық емес күн болатын топ | қала | 30 | 18311 |
Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | қала | 7415 | 43833 | ||
Санаторлық топ | қала | 130 | 69231 | ||
Арнайы топтар | қала | 153 | 74808 | ||
2 | Қызылжар ауданы | Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | ауыл | 565 | 51107 |
3 | Ғабит Мүсірепов атындағы аудан | Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | ауыл | 505 | 53803 |
4 | Уәлиханов ауданы | Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | ауыл | 372 | 46359 |
Санаторлық топ | ауыл | 25 | 69450 | ||
5 | Мағжан Жұмабаев ауданы | Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | қала | 45 | 52687 |
ауыл | 101 | 77509 | |||
6 | Айыртау ауданы | Балалар 9 сағат бойы болатын топ | ауыл | 430 | 51632 |
Санаторлық топ | ауыл | 19 | 69449 | ||
7 | Тайынша ауданы | Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | қала | 342 | 45115 |
ауыл | 113 | 67336 | |||
Санаторлық топ | қала | 15 | 62530 | ||
8 | Аққайың ауданы | Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | ауыл | 125 | 87360 |
9 | Ақжар ауданы | Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | ауыл | 284 | 61238 |
Санаторлық топ | ауыл | 21 | 69449 | ||
10 | Шал ақын ауданы | Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | қала | 100 | 42208 |
11 | Жамбыл ауданы | Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | ауыл | 241 | 58873 |
12 | Есіл ауданы | Балалар 10,5 сағат бойы болатын топ | ауыл | 275 | 61282 |
13 | Тимирязев ауданы | Балалар 9 сағат бойы болатын топ | ауыл | 120 | 68963 |