Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. ""Петропавл қаласы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2018 жылғы 15 мамырдағы № 10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4739 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қалалық мәслихат хатшысы | А. Бердагулов |