Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметіне бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 5 наурыздағы № 6-17-11 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4612 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының хатшысы | Г. Абулкаирова |