"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Дауқара ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 1 наурыздағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Сырымбет ауылдық округінің Дауқара ауылында келесі көшелері қайта аталсын:
Орымбай көшесін Орынбай Бертағыұлы көшесіне;
Совхозная көшесін Жәнібай Игібаев көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сырымбет ауылдық округі әкімі | Д. Сулейменов |