Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы № 25-1 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4616 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжар аудандық мәслихат хатшысы | А. Хоршат |