"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Талшық ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округінің Талшық ауылындағы Пролетарская көшесін Кеңес Қажымұратов көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талшық ауылдық округі әкімі | Е. Каиржанов |