"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Буденное ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуіріндегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Нежинка ауылдық округінің Буденное ауылындағы келесі көшелер қайта аталсын:
Мира көшесін Жамбыл көшесіне;
Комсомольская көшесін Дінмұхамед Қонаев көшесіне;
Коммунистическая көшесін Достық көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нежинка ауылдық округінің әкімі | М. Дюселеков |