"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Рузаевка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округінің Рузаевка ауылындағы келесі көшелері қайта аталсын:
Комсомольская көшесін - Петр Толочко көшесі;
Чапаев көшесін - Ақан сері көшесі;
Ленин көшесін –Игорь Тарасов көшесі;
К.Маркс көшесін – Көкен Шәкеев көшесі;
Октябрьская көшесін – Болашақ көшесі;
Энгельс көшесін – Еркін Әуелбеков көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рузаев ауылдық округіңің әкімі | Н. Алгожин |