"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қайранкөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 1 наурыздағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі Қайранкөл ауылының атауы жоқ көшесіне Бауыржан Момышұлы атауы берілсін
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қайранкөл ауылдық округінің әкімі | С. Шалхабанов |