Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 20/8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 сәуірде № 27409 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шетелдіктер үшін турістік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысымен бекітілген, шетелдіктер үшін турістік жарнаны төлеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында туристік жарнаның мөлшерлемелері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда болу құнының 0 (нөл) пайызы болып бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының хатшысы Р. Нурмуканова

Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2022 год на территории Мамлютского района Северо-Казахстанской области

Решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 28 марта 2022 года № 20/8. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 апреля 2022 года № 27409

      В соответствии с пунктом 2-10 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пункта 5 Правил уплаты туристского взноса для иностранцев, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 ноября 2021 года № 787 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев" маслихат Мамлютского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки туристского взноса на территории Мамлютского района Северо-Казахстанской области 0 (ноль) процентов от стоимости пребывания с 1 января по 31 декабря 2022 года включительно.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области Р. Нурмуканова