"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері күнтізбелік тоқсан күн мерзіміне бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысының әкімі | С. Шапкенов |
Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 191 қаулысымен бекітілген |
Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері
№ | Тауардың атауы | Өлшем бірлігі | Шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшері |
1 | Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік) | 1 (бір) килограмм | 1164 теңге |
2 | Ақ қауданды қырыққабат | 1 (бір) килограмм | 251 теңге |