"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 5-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Атырау қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атырау қаласы мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 163 "Атырау қаласы аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3975 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау қаласының Мәслихат хатшысы | К. Джаумбаев |