Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Талдыкөл ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 11 наурыздағы қорытындысының негізінде ШЕШТІМ:
1. Бейбарыс ауылдық округінің Талдыкөл ауылындағы атауы жоқ көшеге Хамбет Маңғыбаев атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Т. Даулбаев |