Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жалғансай ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 мамырдағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Жалғансай ауылдық округінің Жалғансай ауылындағы атауы жоқ көшеге Қалым Жұмағазиев атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Ғ. Мырзағали |